Енді шетелден келгендердің дене қызуы өлшенеді

Қазақстанда Марбург вирусының таралуына жол бермеу үшін шетелден келген азаматтардың дене қызуы өлшенеді.

Кейінгі уақытта әлемде вирус өршіді. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейтуге кірісті. Африкадан тараған бұл дерттің клиникалық белгілері вирусты жұқтырғаннан кейін 2-21 күн арасында көрінеді. Денсаулық сақтау министрлігі ауруды жұқтыру қаупі жоғары елдерге барғанда сақтық шараларын ұмытпауға шақырады. Яғни науқас адамдар мен жабайы жануарларға жоламау, шала қуырылған етті жемеу, жарқанаттар бар үңгірлер мен шахталарға кірмеу туралы ескертеді. Ал ауру белгілері байқалған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну қажет.