Ақтөбеде референдум қорытындысы бойынша ғалымдар кеңесінің отырысы өтті

Жиын барысында Жұбанов атындағы өңірлік университеттің ғалымдары мен оқытушылары АЭС құрылысының экономикалық маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды 24kz.

Сонымен қатар әлем елдерінің тәжірбиесін мысалға келтірді. Ал, жоғарғы оқу орнының проректоры Рахым Бекназаров: «ендігі кезекте кадр даярлау мәселесіне көңіл бөлу керек», - деді.

Рахым Бекназаров, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Ғылым және инновация жөніндегі проректоры:

- Президент атом электр станциясын консорциум салады деді. Оның құрамына саланың жетекші мамандары кіретін шығар. Менің ойымша, біз Жапония, Оңтүстік Корея, Франция елдерінің ғылыми орталықтарына жүгінеміз. Сондықтан қазірден бастап оларға кадр даярлауды қолға алу керек.