Арнайы құрылғы 42 адамның өмірін сақтап қалды
Шығысқазақстандық құтқарушылар жылу маусымы басталғалы сақтық шараларын күшейтті.
Жеке секторды аралап шыққан олар қауіпсіздік талабы бұзылған 1400 дерек анықтады. Сондықтан мамандар ескерту мен алдын алу жұмысын жиілете түсті. Мәселен, көпбалалы немесе аз қамтылған отбасылар тұрып жатқан үйлерге арнайы иіс тиюден сақтайтын дабыл қаққыш орнатып жатыр. Жалпы олардың қолындағы тізімде 3 мыңнан аса үй тұр. Оның мыңға жуығына дабыл тетігі қойылды. "Бұл іс қыс бойы жалғасады, өйткені ақылды аппараттың адам өмірі үшін маңызы айырықша", - дейді сала өкілдері. Дәл осы құрылғы кейінгі бес жылда 42 адамның өмірін сақтап қалуға сеп болған.