Қызылорда облысындағы әлеуметтік нысандар жылу маусымына дайын
Қызылорда облысындағы әлеуметтік нысандар жылу маусымына толық дайын.
Биыл Қызылорда қаласындағы 9,5 шақырым жылу желісі жаңаланды. Жылу-электр орталығындағы бу қазандықтары мен автономды жылу стансалары тиісті тексерістен өтті. Бұл туралы облыстық Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәлімдеді. Өңірге қыста 193 мың тоннаға жуық көмір керек. Оның 164,5 мың тоннасы тұрғындарға бөлінеді. Қалғаны әлеуметтік нысандарды жылытуға сатып алынады. «Мысалы, Жалағаш ауданы қыстан қысылмай шығу үшін 19 мың тонна қатты отын қорын жасақтауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, қазан айының соңына дейін екі ауылды көгілдір отынға қоспақ» - дейді Жалағаш аудандық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғабит Ербол.
Ғабит Ербол, Жалағаш аудандық ТКШ және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
- Қазіргі таңда автокөлікпен және теміржол қатынастары арқылы, бізге 60% көмір жеткізілді. Сонымен қатар екі кәсіпкермен ынтымақтастық меморандумға отырдық. Бағаны өсірмеу және аудан тұрғындарын толық қатты отын қорымен қамтамасыз ету бойынша. Қазір барлығына 100% дайынбыз.