Ақтауда тұрғын үйлерге жылу басқару торабы орнатылды
Ақтауда көпқабатты үйлер жылу басқару торабымен жабдықталды.
Жаздан бері мамандар он мөлтек ауданда 400-ден астам құрылғы орнатқан. Қалада жылу маусымы басталғанша осындай технологиямен №12 ықшам ауданды қамту жоспарланып отыр. Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Нұрбол Әділовтің айтуынша, автоматтандырылған жылу торабы былтыр қыста жылу жетіспеушілігі байқалған үйлерге қойылған. «Бұл қондырғыда ауа температурасын бақылау құралы бар. Сол арқылы пәтерлерде қалыпты жылуды сақтап, қажетінше реттеп отырады», - деді ол. Ақтауда 1300-дей көпқабатты тұрғын үй бар.
Нұрбол Әділов, Ақтау қалалық Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
- 490 данасын орнату жоспарланған. Қазіргі уақытта соның 465 данасы орнатылды. Қалғанын жылыту маусымына дейін толық орнату жоспарлануда. Бұдан бөлек, келесі жылы тағы да осындай мәселе бар, жаңағыдай жылу жетіспеушілігі байқалатын үйлерге. Оларға да орнату жоспарда бар.
Ерлан Шалабаев, мердігер мекеме өкілі:
- Оның пайдасы даланың температурасымен жұмыс жасайды. Бізде енді Ақтау қаласында ауа райымыз қыстың күні не жылы болады, не салқын болады. Соған байланысты датчигіміз соған бағытталып жұмыс жасайды. Сондықтан біз қалада жылуды 70% үнемдейміз.