Жаһанды жаяу шарлаған қарт жиһанкез Астанаға келді

74 жастағы Жиһанкез Бейжіңнен Астанаға келді.

Сәрсенбай Қотырашев тамыз айында Өскеменнен жолға шығып, Ресей, монғолия жерін басып Қытайға жаяу жеткен еді. Қария 62 күнде 3000 шақырым жер жүрген. Бұл – оның дүниежүзіне жасаған екінші сапары. Осыған дейін 100 күн жаяу жүріп Түркияға сапарлаған. Сондай-ақ 2022 жылы елдің 17 облысын аралап, 8 мың шақырым жолды 6 айда артқа тастаған болатын. Енді саяхатшы көрген, білгенін қағаз бетіне түсіріп, кітап жазбақшы. Оған дейін Еуропа мен АҚШ-ты бір аралап келмек.

Сәрсенбай Қотырашев, жиһанкез:

- Болашақта Еуропаны аралап, Америка құрама штаттарын аралап қайтпақпын. Мұндағы мақсат – Қазақстанды таныту, қазақтың ақсақалы бұлай жүргенде жастары қандай екен деп әлемді таңғалдыру.