Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде 5 адам зардап шекті
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дала өртін сөндіру кезінде 5 адам зардап шекті.
Бесінші адам бүгін түнде облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ол Шөптікөл ауылы маңында тұтанған өртті сөндіруге шыққан ерікті екен. Еске салсақ, 6 қазан күні тұтанған дала өрті 35 мың гектардан астам жерге жайылды. Бір өрт сөндіруші қаза тапты.
Берік Төлеубаев, Х. Мақажанов атындағы Көпсалалы аурухананың травматология орталығының басшысы:
- Науқас жатқызылды. Денесінің 35%-тін күйік шалған. Бізде 5 науқас жатыр. Оларға барлық ем-шаралар көрсетілуде.