Елде атом энергетикасы маманы жеткілікті

Атом электр станциясында жұмыс істейтін маман жеткілікті.

Бұл туралы «ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы ұйытқы болған «Бейбіт атом: қазіргі жағдай және перспективалық бағыттар» тақырыбындағы сараптамалық талқылауда Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев мәлімдеді. Ғалымның айтуынша, елде 57 жыл бойы атом энергетикасы мамандары даярланып келеді. Жыл сайын жүздеген адам осы мамандық бойынша диплом алады. Кадр даярлау жөнінде Франциядағы алдыңғы қатарлы консорциуммен келісімшарт жасалған. Отандық мамандар шетелдегі АЭС-терге жиі барып, тәжірибе алмасып отырады. Жергілікті кадрлардың біліктілігінің арқасында халықаралық агенттік тарапынан бірде-бір сын айтылған емес.

Саябек Сахиев, ядролық физика институтының бас директоры:

- 2000 жылы бірінші орталық ашылды радиациялық қауіпсіздік жөнінде. 2003 жылы бақылайтын орталық ашылды ядролық физика институтының негізінде. Үшінші ол ядролық физикалық қауіпсіздік деген үшінші орталық ашылды. Осы үш орталықты, 2017 жылы, үш орталықты МАГАТЭ-нің тікелей қолдауы арқылы, соңғысы тіпті Америка Құрама Штаттары Энергетика министрлігінің тікелей қаржылай қолдауымен ашылған орталықтар. Осы жылдар арасызда біз қазір 5 мыңдай кадр Қазақстанның атом өнеркәсібі үшін 5 мың адам даярлап үлгірдік. Енді қалған 1400-ді атом электр станциясы үшін даярлап үлгере алмаймыз деген – ол бос әңгіме.