Баласына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат берген ата-аналар жауапқа тартылды
Жыл басынан бері Алматыда мопедтердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының салдарынан 14 адам қаза тапты.
757 кісі жарақат алды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында айтты. Самокат мінгендерде айылын жияр емес. 109 адам жарақат алыпты. Осылайша жол ережелерін бұзған 32 мыңға жуық мопед айдаушы мен 28 мыңнан астам электросамокат пайдаланушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 100-ден астам ата-ана балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапқа тартылды.