Көпірден секірген қызды құтқарып қалған сарбаздар марапатталды

Астанада көпірден секірген қызды құтқарған сарбаздар марапатталды.

Ұлттық Ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен 55/73 әскери бөлімінің 3 жауынгеріне қоғамдық тәртіпті қадағалап, өздеріне жүктелген міндеттерін абыроймен атқарғаны үшін наградалар табыстады. Атап өтсек, әскери жасақ бастығы Нариман Мырзахметов “Ұлттық Ұлан қызметінің үздігі”, Дамир Мұқашев пен Давид Корсунов “Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін” арнайы төсбелгілермен марапатталды. Еске сала кетейік, 2 қазан күні түнде жауынгерлер көпірден Есіл өзеніне секірген жас қызды дер кезінде судан шығарып, аман алып қалған еді.