Қызылордада жылу жүйелерін жаңартуға ₸12 млрд бөлінді
Биыл Қызылордадағы жылу құбырлары мен бу қазандықтарын жаңартуға 12 миллард теңге бөлінді.
Жұмыстар келесі аптада толық аяқталады. Аймақтағы энергетикалық нысандар жылу маусымына дайын ба?
Нұрлан Жақыпбеков, тілші:
- Армысыздар! Қызылордада жаңа жылу-электр орталығы салынып жатыр. Құны 215 миллиард теңгеден асатын жоба 2025 жылы іске қосылады деп жоспарланған. Ал оған дейін 60 жыл бұрын іргесі қаланған мына ескі орталықтың кем-кетігін түгендеп, пайдалана тұруға тура келіп отыр. Сонымен, аймақта жылу маусымына дайындық барысы қалай? Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысынан сұрайық.
Медет Усаин, Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
- Биыл жылу жүйелерінің неше пайызы жаңаланды?
- Әлеуметік нысандардың қыс маусымына дайындығы қандай?
Айта кетейік, жылу маусымына дайындық жұмыстары өңірде ерте көктемде басталды. Барлық нысандардағы жұмыстар тиісті кестеге сай жүріп жатыр,-дейді мамандар. Жылу-электр орталығындағы екі бу қазандығы мен бір турбина жөнделді. Автономды жылу стансалары да тиісті тексерістен өткен. Магистральды және кварталаралық жылу құбырларының қысымын арттыру арқылы беріктігі тексерілуде. Күн күрт суытқан кезде жылудан іркіліс болмау үшін, жоспарлы жұмыс толық бақылауға алынған.
Сонымен қатар, өңірге қыста 193 мың тоннаға жуық көмір керек. Оның 164,5 мың тоннасы тұрғындарға бөлінеді. Қалғаны әлеуметтік нысандарды жылыту үшін сатып алынады. «Қатты отыннан тапшылық болмайды. Жоспарға сай отын қоры толықтырылып отырады» деп мәлімдеді мамандар.