Еліміздің басым бөлігінде жылыту маусымы басталды
Елдің басым бөлігінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік және өзге де нысандарға жылу берілді.
Қазір елорда мен Абай, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жылу желілері іске қосылды. Ал, батыс және оңтүстік өңірлерде жылу беру маусымы қазанның ортасына қарай басталуы тиіс. Мамандар ауа райын бақылап отырады. Бұл жайында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында баяндады. Ол елдегі жылу-электр станцияларындағы жөндеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқандығы жайында да мәлімет берді.
Жылу нысандарын жөндеу кестеге сай, ел бойынша жүріп жатыр. Қазір 5 энергоблокта, 32 қазандық пен, 28 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Тағы 4 энергоблок, 23 қазандық пен 16 турбинада тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Айта кетерлігі,, “МАЭК” жылу электр станциясының № 3-ші энергия блогын жөндеу 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Рудный жылу электр орталығындағы мұндай шаралар 30-қазанға дейін аяқталуы тиіс.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
- Жылыту кезеңіне дайындықты күшейу және алдағы жылыту маусымында тұтынушылардың энергеимен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін минитрлік тарапынан электр энергиясына шекті тарфитер түзетілді. электр қуаты нарығындағы шекті тариф ұлғайтылды. қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті ұлғайтылды.
Жалпы қыс маусымында коммуналдық қажеттіліктер мен халық тұтынуы үшін 8 млн тоннадан астам көмір қажет. Әлеуметтік мақсаттағы көмірдің елден тыс шығарылуына жол бермеу үшін арнайы Үкімет Қаулысы қабылданды. Бұдан бөлек, делдалдардың әрекетіне тосқауыл ретінде көмір алдағы уақытта сауда биржасына шығарылады. Қазір отын қоймаларында 5,2 млн тонна көмір бар. 88 мың тонна мазут сақтаулы және бұл жалпы нормаға сәйкес келеді.
Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
- Бүгінгі таңда еліміздің көмір тұйықтарындағы түрлі маркадағы отын қоры шамамен 570 мың тонна. Бұл өткен жылмен салыст 100 мың тоннаға артық. Министрлік тарапынан өңірлерді көмірмен қам ету б-ша тұрақты монит жүргізілуде. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жылыту маусымы басталып, халық тарапынан көмір сатып алу белсенді түрде жүріп жатыр. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде, халықтың көмірді сатып алуы бойынша, ақпараттандыру жұмыстарын белсендету қажет.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Еліміздің көптеген өңірінде жылу беру маусымы уақтылы басталды. Қалған өңірлерге, әсіресе оңтүстік облыстарға, жылу жақын күндері қосылады. Мерзімдердің бұзылуына жол берілген жоқ. Енді ең бастысы – жылу беру маусымын қалыпты деҢгейде өткізіп, жоспарланған барлық параметрлерді сақтай білу. Коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу бөлімшелерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керек. Олар кез келген жағдайға шұҒыл әрекет ету үшін дайын болуға тиіс.
Үкімет басшысы әкімдерге жылу беру маусымының барысын жеке бақылауды тапсырды. Өңір басшылары жауапты министрлермен бірлесіп, көмір жеткізу мәселеЛерін уақытылы шешуге тиіс. Тұрғындар көмірді қыс бойы тұрақты бағамен сатып алуы үшін ешқандай қиындыҚқа тап болмауы керек.
Рухани Асқар, Өрден Жарқын