Оралда балабақшаларға жылу берілді

24kz

Оралда әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады.

Әзірге күн жылы. Алайда синоптиктер сәрсенбіден бастан, күн суытатынын айтады. Сенбі-жексенбіге қарай түнде сынап бағанасы 3 градусқа төмендейді деп күтілуде. Дәл қазір облыс орталығындағы барлық балабақша мен 50 мектептің 4-еуі жылуға қосылды. Ал көп қабатты тұрғын үйлерге, аптаның аяғына қарай жылу беріле бастайды. Бұл үшін ауаның тәуліктік температурасы үш күн қатарынан 8 градустан аспауы тиіс, дейді мамандар.

Бақытжан Әкімғожин, "Жайықжылуқуат" АҚ Бас директоры:

- Қала бойынша 1215 көпқабатты үй бар ортақ жылыту жүйесіне қосылған. Ол үйлердің барлығының да жылу желілері қысыммен тексерілді, дайындық құжатын алды. Енді қазір әр күн сайын «Казгидрометтен» соңғы үш тәуліктегі ауа райы жөнінде ақпаратты алып отырмыз. Үш тәулік қатар орташа температура 8 градустан аспағанда жылу береміз. Аптаның аяғына қарай шаһарға жылу беретін шығармыз.