Қарқаралыдағы өрт оқшауланды. LIVE

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы өрт оқшауланды.

Тілсіз жау 3 күнде, шамамен 45 мың гектар жерді күлге айналдырған. Қазір нақты ауданы анықталып жатыр. Жалынмен күрескен, өрт сөндіруші қаза тауып, 5 адам түрлі күйік жарақатын алды. Өрт қашан толық сөндіріледі? Құтқарушылар не дейді?

Руслан Нұрланұлы, тілші:

- Біз қазір Теректі ауылындағы жедел штабтамыз. Бұл елді мекеннің тұрғындары да бір адамдай өрт сөндірушілерге көмек көрсетті. Жалпы 600-ге жуық адам, 100-ге жуық техника өрт сөндіруге жұмылдырылды. Ал жалынмен бетпе-бет келіп, алғы шепте болған өрт сөндірушілер әлі де оқиға орнында. Қауіп толықтай сейілген кезде бірақ оралады. 

Бақытбек Амантайұлы, Теректі ауылының тұрғыны:

- Ауылдан 40 шақты үйдің барлық еркегі далаға шықты. Әкесі бар баласы бар. Сырттан келген техника бар солардың арқасында өшті. 

Өртті сөндіруге Қарағанды Ақмола Абай облыстарының, Астана қаласының құтқару топтары, әскери бөлімдері мен тұрғындар атсалысты. Тікұшақтар өрт ошақтарына барлығы 87 рет көтеріліп, 102 тонна су төкті. 

Әділжан Арғынов Қарқаралы ауданының әкімі:

Енді қазіргі таңда ошақтар тек қана оқшауланып тұр. Сол үшін күш құралдары әлі бекеттерді қойып су құып қарайлап отырады. 

Тілсіз жаудан Қарағанды облысының 35 мың, ал Павлодар облысның 10 мың гектар шалғынды алқабы жері жанып кетті. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше мал шығыны әзірге тіркелмеген.