Абай облысында қаза тапқан орманшыларға ескерткіш тақта орнатылды
Абай облысында өрт сөндіру кезінде қаза тапқан орманшыларға ескерткіш тақта орнатылды.
Биіктігі 8 метр болатын ескерткіште орманшылардың суреті бейнеленіп, есімдері қашап жазылған. Бұл тақта қызметіне адал жандарға құрметтің белгісі,-дейді жоба авторы. Ескерткіш Подборный ауылдық округі, Камы-шен орман шаруашылығының маңында қойылды. Айта кетейік, былтыр Абай облысындағы алапат өрт кезінде 14 орманшы мерт болған еді.
Лариса Ляпунова, Камышен ауылының тұрғыны:
- Бұл өте ауыр сәт. Еріксіз көзімізге жас алып тұрмыз. Бұл ескерткіш келешек ұрпаққа мұра. Орманымызды қорғаймыз деп қаза тапқан батырларымыздың есімі, жадымызда мәңгі сақталуы тиіс.