Қарқаралы ауданындағы өрт болған аумақта қайта барлау жүргізіледі
Қарқаралыдағы үш күнге созылған өрт оқшауланды.
Бұған 600-ден астам адам, 100-ден аса техника жұмылдырылды. Өртті сөндіруге жергілікті тұрғындар да ат салысты. Мамандардың айтуынша 35 мың гектар жер жанған. Өрттің жануы кезінде 5 участік анықталған. Олар Шөптікөл, Көлбас, Атантай және Қоянды мен Теректі ауылы. Қазір қауіп жоқ, мал шығыны болмаған.
Нұршат Қайыр, Қарқаралы ауданы ТЖБ бастығының міндетн атқарушы:
-Өрттің қазір жан-жаққа таралуы тоқтатылды. Өрт оқшауланды. Қазіргі уақытта тікұшақпен барлау жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстар жүргізгеннен кейін қосымша іс әрекеттер қолданылады.