Түркістан облысынан 70 адам әскер қатарына аттанды
Түркістан облысында 70 бала Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге аттанды.
Жас өрендер Ақтаудағы жаяу-теңіз әскері бригадасына және Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Маңғыстау облысындағы департаментіне жіберілді. Сарбаздарды әскерилерден бөлек, ардагерлер мен жақын туыстары салтанатты түрде шығарып салды. Түркістан облысынан шекара қызметіне 300 жігіт, ал Қарулы күштер қатарына 1000-нан аса адам жіберілді.
Бекзат Таслімбаев, әскерге шақырылушы:
- Бүгін міне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне аттанып бара жатырмын өз еркіммен. барлық 18 толған Қазақстан жастарын әскерге шақырамын. Еліміздің болашағы жастардың қолында.
Жандос Күлдербаев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:
- Жастарымызға анттарына адал, сертеріне берік болуын тілейміз. Алда әлі талай жастарды әскерге шығарып саламыз. Біздің меже биылдыққа 2500-ден аса сарбазды еліміздің әр аймағына өз отанын қорғауға жібереміз. Сондықтан әрбір жас әскерге баруға міндетті.