Ақмола облысының 6 ауданында өрт сөндірілді
Төтенше жағдай қызметі бір күнде Ақмола облысының алты бірдей ауданында отпен арпалысты.
Кеше Ақкөл, Зеренді, Шортанды, Есіл, Астрахан және Атбасар аудандарында құрғақ шөп пен қамыс жанған. Өрт шалған аумақ 33 гектар. Төтенше жағдайлар қызметі жергілікті атқарушы органдар, "Қазавиаорманқорғау" бірлескен күштері және ерікті жасасақтардың арқасында 6 бірдей ауданда өрттті сөндіргенін хабарлайды. Қазір қауіп сейілген. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар қызметі азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.