Сыр өңірінің диқандары күріштің 95%-ын жинады
Былтыр әр гектардан орташа өнім 54 центнер шамасында болса, қазір 57 центнерге жуықтаған.
Егіні бітік шыққандардың бірі – Жалағаш ауданы. Мұнда 19 мың 800 гектар алқаптағы күріш толық орылды. «Суармалы судың жеткілікті берілуі мен жаңа сұрыптарды паайдалану өнімнің мол түсуіне себеп болды», – дейді аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов.
Әліби Байнахатов, Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары:
- Дәл осы бүгінге гектарына 57 центнерден келе жатырмыз. Каурис сорттары, Маршал сорттары ең рекордтық көрсеткіш көрсетіп жатыр. Биыл шүкір жаман емес. Күріш дақылының бағасы төмендегенмен, бірақ өнімділік өте жоғары болып тұр биыл.