Қазақстанда газ бағасы өзгеруі мүмкін

Энергетиктер негізінен 2 тариф ұсынып отыр, деп хабарлайды 24kz.

Халықтың осал топтары үшін субсидияланған баға сақталады. Ал үлкен алаңдары мен қора-жайлары бар тұтынушыларға сәйкесінше, жоғары көрсеткішпен есептеледі. Энергетика саласының мамандары: «Газды тұтынудың млжаңа нормалары көгілдір отынды үнемдеу бағытында жасалып отыр», - дейді. Қазіргі таңда республика бойынша 2 млн-нан астам абоненттің 1,5 млн-дайы үлкен үй, қалғандары жеке пәтерлер. Тариф бекіту жайын талқылаған Мәжіліс депутаттары өндірістік құрылымдардың жеңілдетілген тәртіппен газ тұтынуына тоқтам салу керектігін айтады.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Өндірістік емес, тұрмыстық тұтынушылар үшін қазіргідей электр энергиясына төлегендей түбіртек болады. Ол жерде 3 тариф көрсетілген. Лимитке сәйкес төлем жасалады. Жүйе қалыптасқандықтан ешкім наразылық танытпайды. Газ бойынша да дәл солай болады. Ашық түрде есептеледі, тұтынушыға ыңғайсыздық тудырмайды.

Арман Бектұрова, «QazaqGaz Aimaq» компаниясы бас директорының орынбасары:

- Кәсіпорындар үшін жаңа нормативтер әр өңірдің ерекшелігіне сай енгізіледі. Табиғаты суық аймақтарға бөлек және жылы облыстарға бөлек лимит бекітіледі. Егер лимит артық қолданса, жоғары коэффициентпен есептеледі.