БЖЗҚ биыл 31 млн-нан астам қызмет көрсетті
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры биыл 31 миллионнан астам қызмет көрсеткен, деп хабарлайды 24kz.
Оның 15 млн-ы онлайн, 15 млн-ға жуығы автоматты түрде, жарты млн-дайы қашықтан жүзеге асырылыпты. Мамандар автоматты режимдегі қызмет үлесі артқанын айтады. Бұған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын енгізуі және «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде төлемдерді есепке алу және есептеу бойынша қызмет ауқымының кеңеюі ықпал еткен.