Аралға мол су келді
Осы жазда Аралға жылдағыдан үш есе артық су келді.
Бұған дейін жаз айларында 350 млн текше метр су құйылса, биыл 977 млн текше метрге жетті. Бұл - жоспарланған көлемнің 98%. Ал жалпы жыл басынан бері теңізге 2 млрд текше метрден астам су түсті. Желтоқсан айының соңына дейін тағы 500 млн текше метр су келуге тиіс. Бүгінде Солтүстік Аралда 22 млрд текше метр су бар. Тіршілік нәрі көбеюінің арқасында балық та молайған. Мәселен, бұрын жергілікті балықшылар жылына 400 тонна балық ауласа, қазір 8 мың тоннаға дейін жетіп отыр.
Күнтуған Тұрғанбаев, Қаратерең ауылының тұрғыны, балықшы:
- Осы биыл былтырғыға қарағанда балық шамалы көптеу болып жатыр. Осы қалпында тұрса да жаман емес. Осы су келгеннен бері балық жанданып, дарияға кіріп жатыр.