Кәсіподақтарға үш жылда 15 мың арыз-шағым түскен
Үш жылда Кәсіподақтар федерациясына 15 мыңнан астам арыз-шағым түскен.
Олардың басым бөлігі жұмысқа тұрғанда еңбек келісімшарттарын жасамаған азаматтардан дейді одақ өкілдері. Бүгінде елдің әр өңірінде кәсіподақ бірлестіктері қызмет етеді. Жыл сайын мыңдаған қазақстандыққа құқықтық кеңес беріп, заңды тұрғыда мәселені реттеуге жәрдемдесуде.
"Кез келген жағдайда қалай істеу керектігін білмесеңіз, заң бойынша әрекет етіңіз". Бұл – кәсіподақтар федерациясының басты ережесі. Өтемақысын ала алмаған аналар, шипажайға жолдама жетпеген әжелер, жұмыс орнында заңсыз әрекет құрабаны болғандар кәсіподақтарға жүгінеді. Мұндағы мамандар қарапайым азаматтарға құқықтық қолдау көрсетеді. Ал кейде мәселені медиация жолымен реттейді.
Әсел Молдағалиева, ҚР Кәсіподақтар федерациясының құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы:
- 3 жылда біраз жұмыс атқарылды. Өткен жылы барлық өңірден 6 мың арыз-шағым түссе, биылғы жылдың 9 айында үш категория бойынша 2324 арыз-шағым түсті. Бұл еңбек келісімшартары, заңсыз жұмыстан шығаруға байланысты қайта қызметке алу және еңбекақыға қатысты мәселелер. Кейбір сұрақтарды телефон арқылы шешуге болады. Тіпті кейде ешқандай келісімшартсыз, медиаторлармен реттеледі.
Қазақстанда 18 аумақтық кәсіподақ бірлестігі тіркелген. Ұйым мүшелеріне тегін қызмет көрсетіледі. Құқықытық кеңес береді. Кәсіподаққа түсетін өтініштердің көбі халық тығыз шоғырланған аумақтардан. Барлық өтініштің 12%-ы Астана, 11%-ы Алматыға тиесілі. Ақмола облысынан 4%, Қызылорда және Солтүстік қазақстан облыстарынан арыз-шағымдардың 5%-ы түседі. Ал Шымкентентен тіркелген өтініштердің көбі сотқа жетпей реттеледі дейді құқықтық қамтамасыз ету департаментнің сарапшысы. Кәсіподақ көмегімен мәселесін шешіп, тиісті төлемдердін алып отырғандардың бірі астаналық Людьмила Абильгапарова.
Людмила Абильгапарова, қала тұрғыны:
- Екі жыл бұрын мен зейнетке шығатын кезде жалақым шағын болды. Сәйкесінше, тиісті рәсімдеуден соң зейнетақы да аз болар еді. Соны ойлап, мен басшылыққа айттым, олар ештеңе істей алмады. Сосын Әсел Басырқызына көмек сұрап келдім. Ол кәсіподақ ретінде қол ұшын созды. Басшылыққа хабарласып, мән жайды түсіндірді. Сөйтіп, жұмыс орным айлығымды бірден 50%-ға көтерді. Соның арқасында қазір өзіме жететін зейнетақы алып отырмын.
Коммерциялық емес ұйымда күніне 2 арыз-шағым шешіледі. Құқық қорғау органдарынан нәтиже көрмеген азаматтар осында келіп, оң шешімін табады. Сондықтан адамдардың көбі қазір кәсіподақтардың қолдауына сенеді, көмегіне қайта жүгінеді.
Әсел Молдағалиева, ҚР Кәсіподақтар федерациясының құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы:
- Халықтың несие қарызы көп. Басына бірнеше несиесі бар адамдар келеді. Шоттары бұғатталып, банкпен қаржылық дау-даумай туындайды. Бұдан бөлек, шипажайларға жолдама бермей қоятын, қаржысы жетпей жатқан жұмыс орындарына шағымдар да түсіп тұрады.
Арыз-шағымдардың 30 пайызы кәсіподақ алаңында келіссөздермен шешіледі. Мұндағы басты құрал заң және құққтық сауаттылық. Қалғаны мемлекеттік органдар мен құқық қорғау мекемелеріне жолданады. Кәсдіподақтар құқыққорғау мекемелерінің жұмысын жеңілдеетді. Қазіргі заңда мемлекеттік органдармен медиацияға келу ұғымы бар. Бұл полицейлер мен соттарға жеңіл дауларға уақыт жоғалпай, күрделі істермен айналысуға мүмкіндік береді.
Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Қанат Махмұтов