Сенатор отбасы және жастар ісімен айналысатын агенттік ашуды ұсынды

Жастар саясаты бойынша басқармаларды барлық өңірде қайта құру керек.

Жастардың ресурстық орталықтарын жандандыру маңызды. Сенатор Дархан Қыдырәлі кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс арта түскеніне назар аударып, өз ұсыныстарымен бөлісті. Оның айтуынша, елімізде отбасы және жастар ісімен айналысатын арнайы мемлекеттік агенттік ашу керек. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтарды тіркеуге алумен, айыппұл салумен шектелмей, қылмыстық жазаны күшейту қажет. Шетелде кейінгі ұрпақ туралы ауқымды зерттеулер жүргізіледі. Елімізде бұл тақырып ғалымдар назарынан тыс қалуда. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 4,1%-ға көбейген. Елде балалар арасында күн сайын 5 қылмыс жасалады екен.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бес облыста ғана жастар саясаты басқармасы бар, қалған облыстарда қысқарған. Мәселен, 2 млн халқының 40% жастар құрайтын Түркістан облысында 600 мыңнан астам жас пен 3 қызметкер ғана айналысады. Жалақысы небәрі 70 мың болғандықтан, жастар ресурстық орталықтарына білікті кадрлар тұрақтамайды. Көптеген өңірде жеке ғимараты жоқ. Бұл орталықтарда 318 ваканттық орын бос тұр. 33-15 ұл ұлт болып ойланатын, қоғам болып қолға алатын өзекті тақырып.