Баянауыл ұлттық паркіндегі заңсыз салынған 4 нысан сүрілді

Баянауыл ұлттық паркінде тексеріс жүргізген прокурорлар бірқатар былықтың бетін ашты.

Атап айтсақ, аумақты өз бетінше иемдену, заңсыз құрылыс салу мен жер телімдерін конкурссыз жалға беру фактілері болған. Қазір бұл жайт мамандардың назарына ілігіп, бөтеннің қолында кеткен жер телімдерін мемлекетке қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ ешбір рұқсаты жоқ жалпы аумағы 1.9 гектардан асатын 4 кәсіпкерлік нысанды сүру туралы шешім қабылданды.