Егіндікөл ауданында ауыз су мәселесі шешілді
Егіндікөл ауданында 4 мың адам тұрады.
Тұтас аудан ауызсуды Нұра су қоймасынын тұтынады. Бірақ екі жыл бұрын құбырларға қатысты ауқымды жөндеу жұмыстыра басталды. Сол уақыттан бері тұрғындарға тіршілік нәрі сырттан жеткізіліп келді. Енді бұл қиындықтар артта қалды. Ауылдарға су келді.
- Судың сапасы жақсы ма?
- Жақсы.
Темірболат Тасқынбай, Егіндікөл ауылының тұрғыны:
- Тасымалды сумен болғасын соған байланысты көптеген тұрғындар, таныстар осы жерден көшіпте кетті. Бірақ енді осы күрделі мәселе шешуін тапқандай. Міне су берілді. Үйімізде краннан су ағып жатыр. Бұл енді біздің әлеуметтік және экономикалық дамуымызға өте қолайлы жағдай туғызады деп ойлаймын.
Жалпы Нұра су қоймасы Президент тапсырмасымен жаңартылды. Қазір 23 елдімекенге сапалы ауызсу жетті. Оның ішінде Егіндікөлден бөлек Қорғалжын ауданының тұрғындары да бар.
Марат Ахметжанов, облыс әкімі:
- Әлеуметтік нысандарға, халықтың үйлеріне барып көрдік. Су сапалы. Екпіні де жақсы. Су келіп жатыр. Ол деген енді халықтың көңіл күйлерін көтереді деп есептеймін. Бұл министрлік тарапынан да, жергілікті әкімдік тарапынан да біріккен жұмыстың нәтижесі деп айтамын.
Жыл соңына дейін барлық ауылдың ішкі су құбырлары ауыстырылады.
Абзал Балтабаев, Виктор Полянный