Ақмола облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 391 жұмыс орны ашылады

Биыл Ақмола облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 391 жұмыс орны ашылады.

Ел қазынасынан 2 млрдқа жуық теңге бөлініп, 308 ауыл тұрғынына шағын несие беру жоспарланып отыр. Аграрлы аймаққа жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова жоба қатысушыларымен кездесді. Одан бөлек, өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысанның жұмысымен танысты.

Вице-премьер алдымен Атбасар қаласына барды. Мұнда Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысын көріп, кәсіп иелерімен кездесті. Мәселен, атбасарлық Аида Мейрамова бағдарлама арқылы 8,6 млн.теңге алып, наубайхана ашқан. Қазір кәсіпкер нан өнімдерінің 20-ға жуық түрін дайындайды. Жергілікті 16 адамды жұмыспен қамтыды.

Аида Мейрамова, кәсіпкер:

- Мен бәрін осы бағдарлама арқылы басынан бастадым. Яғни, осыған дейін менің мұндай кәсібім болған жоқ. Атбасар сияқты шағын шаһарларда нанның көп түрі дайындала бермейді. Сондықтан өнімге сұраныс жоғары. Алдағы уақытта кәсібімді кейіткім келеді.

Бағдарманың тиімділігі сол- небәрі  2,5 пайыздық үстемемен жеңілдетілген несие беріледі.  Вице-Премьер Тамара Дүйсенова жобаның негізгі мақсаты ауыл халқының табысын көтеру екенін айтты. Бұл ретте ауыл әкімдеріне ерекше міндет жүктеледі. Себебі, жергілікті халыққа мемлекеттік жобаларды жан-жақты насихаттау маңызды. Сондай-ақ кездесу барысында өзге өңірлерден келген кәсіпкерлер тәжірибесімен бөлісті. Премьер министрдің орынбасары «Ауыл аманаты» бағдарламасының қатысушылары өз өнімін қойған көрмені  тамашалады.

Дәріханалар жаңа жүйе бойынша жұмыс істей бастады

Тамара Дүйсенова облыс орталығындағы әлеуметтік нысандарды да аралады. Дәрігерлермен кездесіп, медицина саласындағы мәселелерді талқылады. Елімізде биыл дәрі-дәрмекті таңбалау жүйесі еңгізілген болатын. Көкшетаудағы бірақатар дәріхана осы жаңа жүйе бойынша жұмыс істеуге көшкен. Жалпы, мұндай талап заңсыз тауар тасымалдаушылармен күресу үшін қажет

Светлана Гаража, дәріхана меңгерушісі:

- Біз дәрі-дәрмекті таңбалау үшін арнайы қондырғы алдық. Қажетті бағдарламаға да тіркелдік. Бұл біріншіден біз үшін де, тұтынушы үшін қауіпсіз. Қазір жаңа жүйені жетілдіріп жатырмыз.

Т. Дүйсенова: Өңірде балалар спортын дамыту қажет

Аймақтың спорт саласында бірнеше жоба іске асып жатыр.  Әсіресе, балалар спортын дамытуға күш салу қажет. Жергілікті спорт мектептерінің басшыларымен кездескен  вице-премьер осылай деді. Жиында саланы цифрландыру мәселесі талқыланды. Осы орайда, жан басына шаққандағы қаржыландыру әдісінің  тиімді тұстары айтылды.

Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Біз облысқа Мемлекет басшысының Жолдауындағы айтылған мәселелерді түсіндіріп, қарастыру үшін келдік. Жалпы, денсаулық сақтау және спорт кешендеріндегі мәселелерді қарастырдық. Әсіресе, спорт кешендерінде біз қандай спорт түрлерімен шұғылдануымыз керек, екіншіден, спорттық инфрақұрылымды қалай жақсарту керек, қаржыландыру мәселесі қалай болу керек соны қарастырдық.

Еркін форматта өткен кездесуде спорт бөлімдері мен мектеп  басшылары  Тамара Дүйсеноваға көкейдегі сұрақтарын қойды. Өз кезегінде вице-премьер барлық ұсыныстың үкіметте қаралатынын жеткізді. Сондай-ақ, Тамара Дүйсенова  жергілікті билік өкілдеріне аймақ экономикасы мен тұрғындардың өмір сапасын көтеру бағытындағы жұмысты жүйелі жүзеге асыруды тапсырды. Ел Президентнің халыққа жолдауында айқындап берген басымдықтарын назарға алуды жүктеді.

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный