Қарағанды облысындағы алты шахтада позициялау жүйесі пайда болады
Келер жылы Қарағанды облысындағы 6 шахтада позициялау жүйесі пайда болады, деп хабарлайды 24kz.
Оның көмегімен жер астындағы әр кеншіні бақылауға мүмкіндік туады. Яғни, мамандар қандай да оқыс оқиға тіркелген жағдайда шұғыл әрекет ете алады. Сонымен қатар кеншілердің қауіпсіздігі үшін бұрғылау әдісімен алдын ала газдан тазарту тәжірибесі енгізілді. Бұл кеніштердегі метан мөлшерін 50%-ке азайтты. Жалпы компанияға қарасты шахталар мен металлургиялық комбинаттың өндірісінде даму бар. Биыл болат өндірісі былтырға қарағанда 14%-ке, көмір 2%-ке, ал концентрат шығару 17%-ке артты. Қазір өндірісті табиғи газға көшіру жобасы қолға алынып жатыр.
Вадим Басин, «Qarmet» АҚ бас директоры:
- Біздің басты мақсатымыз – өндірістік қауіпсіздікті арттыру. Барлық қауіпсіздік жүйесін бақылау үшін диспетчерлік орталық аштық. Жаңа позициялау жүйесі 800 метр тереңдікте жүрген әр кеншіні бақылауға мүмкіндік береді.