«Алматыкітап» баспасында оқулықтарда кездесетін олқылықтар талқыланды
Оқулықтарда кездесетін олқылықтар «Алматыкітап» баспасында талқыланды, деп хабарлайды 24kz.
«Кітап мазмұнында қателіктер кететіні рас. Себебі оқу бағдарламаларында өзгеріс жиі болады», - дейді баспа өкілдері. Ал бір ғана пән бойынша сапалы оқулық әзірлеу үшін уақыт керек.
«Қоғамда оқу материалының күрделі не жүйесіз берілетіндігі жөнінде сыни ескертпелер көп. Бірақ айтылған сынның барлығы шындықа сай бола бермейді», - дейді ғалымдар мен педагогтар. Биыл баспадан 3 млн-ға жуық мектепалды және мектеп оқулығы басылып шықты. 3 оқулықтан техникалық қателіктер кеткен. Олар түзетіліп, қайта шығарылды. «Бір пән бойынша оқулық әзірлеу күрделі жұмыс. Қателік кездессе, оны жанашырлықпен қабылдап, кемшілік түзелсе деген сындарлы байланыс пен ұсыныстарды қабылдауға дайынбыз», - дейді мамандар.
Асима Рысқұлбекова, «Алматыкітап» баспасының баспа ісі жөніндегі вице-президенті:
- Біз оқулық жазу барысында оның құрылымдық мазмұнына, дидактикалық-әдістемелік негізіне мұқият қараймыз. Әрине, арасында әріп қателері кететін рас. Бірақ әріп қателері кейде уақыттың тығыздығына байланысты ондай қателер орын алып етеді. Оны мойындаймыз. Бірақ оны қайта басылым кезінде біз міндетті түрде әрбір қайта басылым кезінде қосымша түзетіп отырамыз ондай қателіктерді.