Елімізде жасөсірімдер арасындағы ерте жүктілік көрсеткіші азайды

Соңғы 5 жылда елде жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік пен жасанды түсік жасату көрсеткіші біршама төмендеген, деп хабарлайды 24kz.

Десе де, мәселе әлі де өзекті. Мысалы, былтыр 2 мыңнан астам бойжеткен босанып, 400-ге жуығы құрсағына біткен баланы жасанды жолмен алдырған. Ал биыл жыл басынан бері мың жарымнан астам жасөспірім қыз ана атанып, 257-сі түсік жасатқан. Аналар денсаулығын сақтау басқармасының мәліметінше, тиісті статистика15 пен 17 жас аралығында қыздар арасында жүргізілді.

Шакизат Халықова, ҚР ДСМ Аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы:

- Ең жас босанушы бізде 14 жасқа дейінгі қыз балалар, біздің ақпараттық жүйеде тіркелген. Олардың бәрі ауруханаға түскен күннен бастап арнайы құзырлы мемлекеттік органдарға жіберіледі. Ол тек қана біздің денсаулық сақтау жүйесінде ғана емес, ішкі істер желісіне де ол ақпарат түседі. Сол тіркелген ақпарат бойынша биыл 6 қыз бала 14 жасқа дейін медициналық көрсеткіш бойынша жасанды түсік жасатты.