Астанадағы мектептер мен балабақшалар абаттандырылып жатыр

Астаналық мектептер мен балабақшалар абаттандырылып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Бүгін Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері ағаш отырғызуға шықты. Жасыл акция Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Жалпы қала аумағында 2500 жасыл желек отырғызу жоспарланған. Ол көшеттердің барлығына арнайы белгі қойылып, күтіп-баптау үшін білім ордаларының қызметкерлеріне тапсырылады.

Азамат Әбуов, ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай ағаш отырғызу акциясы өткізіліп жатыр. Өзіңіз көріп тұрғаныңыздай, ауа райына қарамай осы акция жалғасып жатыр. Акция аясында 108 мектеп және 40 балабақшада осындай акция жүргізілетін болады.