Қарағанды облысында жүк көліктерін заңсыз тіркегендер ұсталды

Қарағанды облысында жүк көліктерін заңсыз тіркеу фактісі анықталды.

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері техниканың бастапқы тіркеу алымы мен утилизациялық алымын төлемес үшін құйтырқы әрекетке барған. Олар интеграцияланған ақпараттық жүйеге жалған VIN-кодтарды енгізіпті. Осылайша, 33 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген. Соның салдарынан жергілікті бюджетке 315 млн теңге түспеген. Күдікке іліккен мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және сол мекеме басшысының орынбасары ұсталды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Күдіктілердің 42 млн теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.