Суды үнемдеу технологиялары оң нәтиже берді

2026 жылға дейін елдегі мақта алаңы 36,4 мың гектарға, күріш алқабы 14,1 мың гектарға қысқарады.

Жоспар суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, су үнемдеу технологияларын енгізу және егістерді әртараптандыру бағдарламасы аясында іске асады. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Олжас Бектенов биылғы вегетациялық кезең су ресурстарының тапшылығынсыз өткенін атап өтті. Үнемдеу технологияларын қолдану да нәтижесін берген. Әсіресе Қызылорда облысындағы көрсеткіш оң.