Талғардағы қылмыс: сот процесі онлайн өтуі мүмкін
Марқұм Шерзат Болаттың үйі қасақана өртелген болуы мүмкін.
Оқиға орнынан резеңке қолғап пен канистр табылды. Оның үстіне от баспана сыртынан басталған, яғни оқыс жағдай болмады. Бұл туралы Алматы облысының прокуроры айтты. Қазір мән-жай егжей-тегжейлі тергеліп жатыр. 600-ден аса адамнан жауап алынып, бірнеше сараптама тағайындалды. Марқұммның туыстары тәулік бойы күзетке алынды. Берік Адамов соттың онлайн өткізу ықтималдылығы туралы да айтты. Бұл туралы прокуратура сотқа өтініш жіберетін болды.
Берік Адамов, Алматы облысының прокуроры:
- Біздің тарапымыздан тергеу ісінің заңдылығы мен толықтығы қадағаланады. Тергеу сатысында ешқандай заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Сот процесінің ашықтығы жөніндегі мәселе бойынша прокуратура сотқа өтініш хат жіберетін боады.