ҚР ІІМ: Талғардағы іске қылмыстық топтың қатысы жоқ
Талғардағы атышулы іске ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысы да, белгісі де жоқ.
Әлеуметтік желіде жұрт жарыса жазған Хасан Қасымбаев тергеуге мүлдем тартылмады. Оған қоса күштік құрылымдардың есебінде "Хуторский" деген қылмыстық топ тіркелмеген.
Бауыржан Аленов, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:
- «Хуторский» деген қылмыстық топ біздің есепте жоқ. Ұсталғандарды ауызша бейнелесек те, олардың қандай да бір қылмыстық топқа қатысы жоқ екенін байқауға болады. Екеуі ипподромда атбегі болып істейді. Біреуі Шымбұлақта қарапайым қызметкер, біреуі күзетші. Екеуі сұлулық салонында жұмыс істейді. Дегенмен, барлығы түгел тергелетін болады.