Су тасқыны кезінде шығынға батқан кәсіпкерлерге ₸724 млн өтемақы төленеді

Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде шығынға батқан кәсіпкерлерге 724 млн теңге өтемақы төленеді.

Өңірлік комиссия 57 өтінімді мақұлдады. Осы күнге дейін 41 кәсіпкер 542 млн теңгенің көмегін алды. Көктемде жиһаз цехы, пластик бұйымдар шығаратын кәсіпорын, бірқатар дүкен мен демалыс базалары бүлінген. «Мұндай көмек алдағы уақытта аргоөнеркәсіп кешені өкілдеріне де көрсетіледі», деді кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Думан Дәулетияров.

Думан Дәулетияров, Облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:
- Агроөнеркәсіп саласына жататын кәсіпкерлер де мүліктік шығындарын өтеу үшін Ұлттық экономика министрлігінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі бұйрығы бекітілді. Бекітілген бұйрыққа сәйкес, агроөнеркәсіп саласында жылжымайтын мүліктің ғана өтемақы жүргізіледі. Қазіргі таңда кәсіпкерлік басқармасы өтініш қабылдау жұмыстарын жалғастыруда.