Энергетика министрі Сарандағы қазандықтар мен жылу желілерін тексерді
Энергетика министрі Саран қаласындағы қазандықтар мен жылу желілерін тексерді.
Алмасадам Сатқалиев әлеуметтік нысандарды да назардан тыс қалдырмады. Алайда онда жылу беру бойынша әзірге мәселе жоқ. Ал екі күн бұрын іске қосылмай қалған жаңа жылу орталығындағы жағдайды реттеу үшін комиссия құрылып, құрамына энергетикалық қадағалау мен құзырлы органдардың өкілдері кірді.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
- Бұл жағдайға түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Біріншіден, айналмалы сорғылардың жұмысында ақау бар, қазандықтар да істен шыққан. Нақты себептерін комиссия мүшелері анықтайды. Жұмыс бригадалары жұмылдырылып, қайта ретке келтіріп жатыр.