Елімізде 404 адамның құжаты жоқ

Елде 404 адамның құжаты жоқ.

Бұл тізім ұлғаюы мүмкін.

Себебі Ішкі істер министрлігі құжатсыз азаматтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Олар қайдан келген?

Ішкі істер министрлігі құжатсыз тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шілде айында басталған науқан аясында 400-ден астам адамның құжаты жоғы белгілі болды. Олардың 200-іне қазақстандық куәлік берілді. Ал қалғандарының азаматтығын анықтау бойынша жұмыстар жалғаса бермек. Министрлік өкілінің айтуынша, тізімге алынған азаматтардың басым көпшілігі Кеңес одағының құжаттарымен жүргендер. 

Лесбек Айдашев, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

- Мысалы, Өзбекстаннан, не болмаса Әзербайжаннан келіп, мысалы ол 95-жылы келді ма, 2000 жылдары келді ма, сол жылдары келіп, құжаттарын жоғалтып алып, содан бері жаңағы заңсыз жүргендер ғой бір жағынан. Олар бір жағынан қорқады полицияға баруға, екінші жағынан басқадай жаңағы, өздерінің құқықтық сауатсыздықтарынан көп жағдайларда сондай азаматтар заңсыз жүреді да. Сол азаматтар егер анықталып, өздері келіп жатқан жағдайда ешқандай қорқыныш жоқ.  

Бұған дейін құжаттандыру жұмысы 2020-2022 жылдар аралығында жүргізілді. Сол кезде құжаты жоқ 8 мыңдай адам анықталды. Олардың 6 мыңына Қазақстан азаматы ретінде құжат берілді. Ал 2300-ден астам ел тұрғыны азаматтығы жоқ адам ретінде тіркелді. Олар осы құжат бойынша 5 жылға дейін емін-еркін жүріп-тұру мүмкіндігіне ие болды.

Шахноза Хасанова, құжаттандыру мәселесі бойынша сарапшы:

- Азаматтығы жоқ тұлғаны алғаннан кейін оларда, олардың қолына 5 жылға дейін паспорт ретінде осы құжатты береді. Бұл дегеніміз, олар әрине толығымен Қазақстан азаматының қандай құқықтары бар болса, сол құқықтарына ие. Әрі қарай мысалға әлеуметтік сұрақтар болатын болса, денсаулық сақтау сұрақтарына жүгінетін керек болған жағдайда олар осы құжатты көрсетіп, әрі қарай өздерінің құқықтарын қорғай алады. 

Азаматтығы жоқ тұлға ретінде тіркелген адам бес жылдан кейін құжат мерзімін тағы да бес жылға соза алады. Немесе Қазақстан азаматтығын алуға құқылы. Биылғы құжаттандыру іс-шарасы жыл соңына дейін жалғасады.

Нұрқанат Қанапия