«Атырау – Астрахань» жолының 80 шақырымы ашылды
«Атырау – Астрахань» жолының 80 шақырымы пайдалануға берілді, деп хабарлайды 24KZ.
Былтыр 60 шақырым жол ашылған еді. Осылайша, кезең-кезеңімен жыл соңына дейін республикалық маңызы бар жол толық қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.
Халықаралық дәліз боп саналатын «Атырау – Астрахань» жолы тауар тасымалын жеңілдетіп қана қоймай, сауда саласында көпжақты ынқтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Бүгінде жолдың 80 шақырымы аяқталып, пайдалануға берілді.
Ахмет Мүдүроғлы, мердігер мекеме өкілі:
- 250 мың тонна асфальт салдық осы учаскеде. Осы жолды жалпы 3,5 жылда бітірдік. Келісімшарт бойынша қалай болды, солай бітірдік. Тапсырдық.
272 шақырымның 60 шақырымы былтыр ашылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республикалық маңызы бар жолдың қалғаны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
- Жобада 2 мыңнан астам адам жұмылдырылды және 1 млн-нан астам тонна асфальт салынды. Қазіргі таңда абаттандыру және соңғы асфальт қабатын салып жатыр. Жоспар бойынша осы жылдың аяғына дейін тапсырамыз.
Атырау қаласынан басталатын 5 шақырым жолды бірінші санатқа ауыстыру мақсатында облыстық әкімдік өз теңгеріміне алған. Жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды. Құрылысы келер жылы басталады.
Қайрат Нұртаев, облыс әкімінің орынбасары:
- Алға қарай бұл жолдың бойында сервистік нысандар дамиды. Онда да кәсіпкерлікті дамытуға, адамдарды қосымша жұмыс орнымен қамтуға және салық базасын кеңейтуге бұл жолдың үлкен үлесі бар.
80 шақырым жолды салуға 22 мың вагон қиыршықтас пен 25 мың тонна битум пайдаланылған. Сондай-ақ 250 мың тонна асфальт төселген.
Авторлары: Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов.