ШҚО-дағы медициналық мекемелерді жөндеуге ₸2 млрд жұмсалады

Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұқтырма ауылындағы ауруханаларды жөндеуге 2 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады, деп хабарлайды 24KZ.

Сонымен қатар Өскемендегі онкологиялық аурухананың хирургия бөлімшесін қалпына келтіруге жарты миллиард теңге бөлінеді. Бұл мекемеде 1982 жылдан бері ешқандай құрылыс жүргізілмеген.

Александр Светаш, Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы:

- Қала тұрғындары жедел медициналық көмек көрсететін орталықтың жағдайына қатысты шағым айтатын. Мәслихат отырысында депутаттар осы мәселені көтерді. Қажетті қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кетті. Өзіміз құрылыс басында жүріп, сапалы әрі уақытылы аяқталуын қадағалауға аламыз.