«ForteBank» ұтыс жеңімпазына Toyota Camry кілтін табыс етті

«ForteBank» 2018 жылдан бері өз тұтынушылары арасында автокөлік ұтысын өткізуді дәстүрге айналдырды.

Бүгін Астанадағы банк кеңсесінде 39-шы көліктің кілті ұтыс жеңімпазына табысталды. Ал желтоқсан айында тағы бір көлік өз иесін табуға тиіс. Ұтыс ойындарына қалай қатысуға болады?

Алматылық Заңғар Тілеубаев «ForteBank» тұтынушылары арасында ойнатқан 39-шы Toyota Camry 75 көлігінің иегері атанды. Тұрмыстық техниканы бөліп төлеуге рәсімдеген ол «ОйБой Camry» промо-кампаниясының жеңімпазы атанғанына соңғы сәтке дейін сенбеген.

Заңғар мен Салтанат Тілеубаевтар, ұтыс иегерлері:

- Өте қуаныштымыз. Ең бірінші сенбедік. Маған қоңырау шалған кезде айтты, мен машина ұтып алдым. Мен мүмкін мошенниктер деп ойладым. Иә, рас. Сондай күшті қуаныш келіп жатыр біздің отбасымызға. Кішкентай 4 ұлымыз бар. Төрт бала-шағамызбен машина айдап жүреміз енді Алматыда. Біз Алматыдан келдік негізі. Балаларымыз неше түрлі секцияға барып жүр. Енді апарамыз машинамен.

«ForteBank» 2018 жылдан бері өз клиенттері арасында автокөлік ұтысын өткізіп келеді. Әр тоқсан сайын бір көлікті ұтысқа қояды. Осылайша, бүгін 39-шы көліктің кілтін тапсырды.

Дина Жамбылқызы, «ForteBank» АҚ PR-менеджері:

- Бұл жолы 17 мың адам ұтыс ойынына қатысты. Ұтыс ойыны, Instagram-да «генератор случайных чисел» деген бар ғой, сол арқылы біз өзіміздің жеңімпазды анықтадық. Негізі ұтыс ойынына қатысу өте оңай. Black несие картасын немесе 100 мыңнан аса суммаға несие рәсімдесе және де біздің мобильді қосымшаға кіріп, «қатысамын» деген батырманы басса, ол ұтыс ойынына автоматты түрде қатыса алады. Өте әділ өтеді. Кез келген адам Instagram-нан кіріп көре алады.

Желтоқсан айында «ForteBank» 40-шы «Камридің» кілтін тапсырады. Ал бұл ұтыс ойынына банкте 100 мыңнан астам сомаға несие рәсімдеген немесе несие картасын қолданған кез келген адам қатыса алады.

Авторлары: Нұрқанат Қанапия, Өрден Жарқын.