Жамбыл облысында көші-қон заңнамасын бұзған 280 адам анықталды

Жамбыл облысында 2 күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 280 адам анықталды, деп хабарлайды 24KZ.

Шетелдік азаматтардың көбі елге жұмыс істеу мақсатымен келген. Бірақ бірінің рұқсат қағазы болмаса, енді бірі төлқұжатын жоғалтқан. Олар аймақта мал бағып, дәмханалар мен құрылыс нысандарында жұмыс істеген. Басым көпшілігі – Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстан азаматтары. Ұсталғандардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 150-і депортацияланды. Сонымен қатар мигранттарға жұмыс ұсынған 27 адам жауапкершілікке тартылды.

Арман Тұрдалиев, облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасның басшысы:

- Аталған шетелдіктерге қатысты сот шығарып жіберу туралы шешім қабылдады. Енді оларға 5 жылға кіру жабылды. Ал жұмыс берушілерге қатысты 700 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.