Шығыс Қазақстанда 7 жайлы мектеп салынып жатыр
Шығыс Қазақстанда Шемонаиха қаласында жүздеген оқушы осыдан 88 жыл бұрын салынған ескі мектепте білім алып жүр.
Көне мекеме бүгінгі нормативтік талаптарға сай келмейді. Сыныптары тар, ал денешынықтыру залы екінші қабатта орналасқан. Ал санитарлық тораптар мен асханасы мектеп әкімшілігінің күтімімен ғана ілдеалдалап жұмыс істеп келеді. Дегенмен балалар мен мұғалімдер көп ұзамай мұндай қолайсыздықтан құтылады. Тақауда бұл ұжым «Жайлы мектеп» жобасымен салынып жатқан жаңа нысанға көшеді.
Шығыс Қазақстанда Шемонаиха қаласында жүздеген оқушы осыдан 88 жыл бұрын салынған ескі мектепте білім алып жүр. Көне мекеме бүгінгі нормативтік талаптарға сай келмейді. Сыныптары тар, ал денешынықтыру залы екінші қабатта орналасқан. Ал санитарлық тораптар мен асханасы мектеп әкімшілігінің күтімімен ғана ілдеалдалап жұмыс істеп келеді.
Дегенмен балалар мен мұғалімдер көп ұзамай мұндай қолайсыздықтан құтылады. Тақауда бұл ұжым «Жайлы мектеп» жобасымен салынып жатқан жаңа нысанға көшеді.
Бұл мектептің іргетасы 1936 жылы қаланған. Көзге ұрып тұрған көненің белгісі көп. Тіпті кезіндегі пештің орны сол беті тұр. Бұрынғы баспалдақ, ескі еден-есіктің бәрін мектеп ұжымы сырлап, әктеп күтіп ұстаумен келеді. Дегенмен білім ошағын нормативтік талапқа сәйкестендіру мүмкін емес. «Әсіресе екінші қабаттағы денешынықтыру залы сабақ өткізуге тиімсіз», – дейді 9-шы сынып оқушысы Никита Рейзвих.
Никита Рейзвих, мектеп оқушысы:
- Бұл зал өте тар. Өзім бірнеше күрес түрімен шұғылданамын. Киім ауыстыратын жер де ыңғайсыз.Әсіресе осындай жаттығу кезінде төменгі қабаттағы сыныптардың сабағына кедергі келтіреміз.Өйткені тып-тыныш доп ойнау мүмкін емес қой.
Бұл зал жан қысылған кезде, жиналыс өткізетін алаңға да айналады. Өйткені ғимаратттағы ең кең кабинет осы ғана.
Мектеп ұжымы 90 жылға жуық тарихы бар мекемені білім алуға ыңғайлап,жоқтан бар жасап келеді. Асхана жабдықтары мен санитарлық торап та тозып әрең тұр. Сыныптар тар болса да, сабақ тоқтаған емес.
Нәзигүл Тотекина, Шәкәрім атындағы №4 мектеп директоры:
- Мектеп кабинеттері санитарлық нормаға байланысты бір балаға 2,5 кв метр келетін керек болса,20 бала ғана отыру керек.Бірақ бізде бір сыныпта 24,бір сыныпта 27, бір сыныпта 23 бала отыруға мәжбүр. Қазір енді бізге жаңа комфортты мектеп салынып жатыр, соны күтіп отырмыз.
Көпшілік күтіп отырған мектеп құрылысының қазір 85% аяқталды. Электр желісі, су, жылу құбыры тартылды.
Бақытжан Молдаханов, Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары:
- Жайлылығы бастауыш сыныптар мен жоғарғы сынып оқушылары отыратын жерлері,орындықтары парталарының биіктігі сонан кейін асхана,кішкене балалар мен үлкен жастағы балаларға жайлы қып салынатын болады. Сол сияқты спорт залда да ерекшеліктер болады,айырмашылықтар.
Енді ескі оқу ғимаратындағы оқушылар жаңа білім ордасында қарсы алады деген жоспар бар. Жалпы облыста биыл және келер жылы 10 жайлы мектеп бой көтеруі тиіс. Қазір соның жетеуі салынып жатыр.
Авторлары: Эльмира Ахметова. Дмитрий Пыхтин