Алматыда жалпықалалық cейсможаттығу өтті
Шартты түрде зілзала болып, дабыл сиреналары іске қосылды.
Телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылды. Құтқару қызметінің барлық бөлімшелері бірігіп, салынып жатқан тұрғын үй кешенінідегі жер сілкінісі салдарын жоюға қатысты. Жоғарғы қабатта өрт сөндірілді. Адамдар қауіпсіз аймаққа шығарылды. Үйінді астында қалған тұрғындарды іздестіру және құтқару амалдары жасалды. Екі мың адамға лайықталған дала госпиталі орнатылды. Жалпы сейсмикалық оқу-жаттығуға мыңнан астам адам қатысып, 150 техника жұмылдырылды.
Есбол Сұлтанов, қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:
- Әр ауданда зардап шеккен халықты қабылдау пунктері орнатылған. Әкімішлікі те халықты қабылдап, тіркеу жұмыстарын жүргізді. Алматы құтқару қызметі сол зардап шеккен құтқару пунктерінде шатырлар мен лагерлар орналастырды.
Сонымен бірге Алматыда Mass Alert жедел құлақтандыру жүйесі сынақтан өтті. Бұл жолы шұғыл хабар iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға да келді. Көктемде Android операциялық жүйесі бар құрылғылар сынақтан өткен еді. Смартфондарға «Ұлттық құлдақтандыру» белгісімен сынақ туралы хабарлама жіберілді. Ал кейбіріне «Президенттік құлақтандыру» белгісімен ескерту түсті.