Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы Мәжіліске қайтарылды

Сенат тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды.

Құжат екі оқылымда қаралды. Сөйтіп сенаторлар заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынды. Заң аясында бұрын сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспананы қоса алғанда, жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіру құқығы қарастырылған. Айта кету керек, Отбасы банкін ұлттық даму институты етіп қайта құру ұсынылды.