Қазақстанда Цифрлық кодекс әзірленіп жатыр

Қазақстанда суперкомпьютерлік кластер құрылады.

Оның негізінде мектептер мен жоғарғы оқу орындарында жасанды интеллектті оқыту сыныптары ашылады. Қазір оқушылар мен студенттерге арналған бағдарламалық дағдылар әзірленіп жатыр. Бұл туралы «Цифрлық кодекстің» жаңа жобасы талқыланған сараптамалық алаңда айтылды. Кеңесте Мәжіліс депутаттары мен сарапшылар тобы, цифрлық даму министрлігі өкілдерімен бірге биометриялық сәйкестендіру саласында ұсынылған инновацияларды талқылады. Былтыр қазақстандықтарға 50 миллион қызмет онлайн форматта көрсетілген. Электронды қызметтердің 92%-ы азаматтарға үйден қолжетімді. 90-нан астам мемлекеттік деректер базасы бірыңғай деректер қоймасына біріктірілді. Енді барлық технологиялық ресурс ұлттық жасанды интеллект орталығын құру жобасын іске асыруға жұмылдырылады.  

Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Адамдар жұмысты жоғалтуы мүмкін. Басқа да тәуекелдер бар деп айтып жатыр. Бірақ та жасанды интеллект экономиканы дамытуды тездетеді. Еңбек өнімділігі ұлғаюы мүмкін. Жаңа жұмыс орындары пайда болуы керек. Қазір депутаттармен бірге жасанды интеллектке арналған бөлек заңнама жобасын жұмысқа алдық.