Қызылжар өңірінде 8 бөгет қалпына келтіріледі
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны кезінде бұзылған 8 бөгет жөнделеді, деп хабарлайды 24KZ. Қазір Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласындағы жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын топырақ үйіндісі нығайтылып жатыр.
Бұл жұмысқа жүздеген арнайы техника жұмылдырылған. Сонымен қатар облыс орталығындағы жағалауды бекітетін ашық кәріз жүйесі салынып жатыр.
Айта кетейік, аймақтағы табиғи апат салдарын жою үшін демеушілердің көмегімен 5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.
Тимур Әбдірешов, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:
- Әр нысанда мердігерлер жұмыс істеп жатыр. Техникалық бақылау бар. Бөгеттерді нығайту жұмыстары мамандардың есептеуі бойынша жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі жалпы бұл жұмысты қарашаның ортасына дейін аяқтауды тапсырды.