Қазақстанда әрбір төртінші әуе рейсі кешігеді
Елдегі әрбір төртінші әуе рейсі кешігеді. Жыл басынан бері біздегі авиакомпаниялар 50 799 мәрте жолаушы тасымалдаған. Оның 12 мыңында ұшақтар уақытылы ұшпаған.
Кешіктірулердің 68%-не әуе компаниялары кінәлі. Бұл жайлы Азаматтық аваиция комитеті хабарлады. Мамандардың айтуынша, уақытында қызмет көрсетпегені үшін тасымалдаушыларға 12,5 млн теңге айыппұл салған. Ал олар 8 айда 448,2 млрд теңге табыс тапқан.