Алматыда Decentrathon 2.0 шарасы басталды

Алматыда елдегі ең ірі мультилокациялық хакатон ІТ шарасы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды 24kz.

Екі мыңға жуық қатысушы бір мезетте жасанды интеллект, блокчейн, ойындарды әзірлеу және Telegram mini-app бағыттарында тапсырмаларды орындап, ІТ өнімдерін әзірлейді. «Бұл шара Қазақстанның жоғары технологиялар мен инновациялар саласындағы көшбасшылығын нығайтуға бағытталған», - дейді ұйымдастырушылар. Шараның жүлде қоры – 50 мың доллар. Екі күндік шараға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қолдау көрсетті. Саланың жетекші сарапшылары жеңімпаздарды үш аптадан соң анықтайды.

Айдана Қасқырбек, жаһандық зерттеу орталығының басшысы:

- McKinsey компаниясы құрастырған тапсырма бұл жалпы жаһандық стандартқа келтірілген тапсырма. Білім беру саласына келістірген тапсырма, себебі жасанды интеллект білім беру саласын қатты өзгертетін болады болашақта. Соған орай сондай тапсырма құрастырылған болатын. Біздің ойымызша, біз үміттенеміз, осы шараның аясында өте керемет өнімдер шығады деп.