Атырауда 1158 көпқабатты үйге жылу берілді

Атырауда 1158 көп қабатты үйдің барлығына жылу берілді, деп хабарлайды 24kz.

Бұған дейін жартысының жылусыз отырғаны туралы мәселе көтерген болатынбыз. «Қазір проблема шешемін тапты», - дейді жауаптылар. Мыңнан астам үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылса, 14 көпқабатты үй «Атырау су арнасы» мекемесі арқылы және 61 ғимарат тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсету мекемесі арқылы жылумен қамтылады. Жалпы күннің күрт суытуына байланысты перзентхана, балабақша, мектеп секілді әлеуметтік нысандарға 1 қазаннан жылу беріле бастады.

Темірлан Байжанұлы, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

- Бүгінгі таңда жекелеген пәтерлердегі тұрғындардың арыз-шағымдары бар. Бұл негізінде бізде ауысым бойынша жұмыс істейтін арнайы 2 бригадалық тобымыз бар. Жекелеген үйлердің көбіне жоғарғы қабаттардағы су айналымы жүйесінің жақсарту мақсатында ауа шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.